Шымкент маңында апатқа ұшыраған ұшақта ҰҚК Шекара қызметі басшысының уақытша міндетін атқарушы Стамбековтың зайыбы да қайтыс болған
Шымкент маңында апатқа ұшыраған Ан-72 әскери ұшағында Шекара қызметі директорының уақытшы міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбековтың зайыбы да қайтыс болған. |
"Стамбекова Сәуле Айтмуханбековна - Тұрғанбек Мұхаметқалиұлының әйелі ", - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін «Оңтүстік» аймақтық басқарма мәлімдеді.
Бұрын хабарланғандай, ҚР ҰҚК шекара қызметінің Ан-72 ұшағы кеше сағат 18:55-те Шымкентке жақындаған кезде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында экипаждың жеті мүшесі және 20 әскери қызметші, оның ішінде ҰҚК шекара қызметі директорының уақытша міндетін атқарушы Түрғанбек Стамбеков болған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін