Шымкент мәслихатының депутаты парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент мәслихатының депутаты парамен ұсталды

Шымкент мәслихатының депутаты парамен ұсталды

Шымкентте қалалық мәслихат депутаты пара алды деген күдікпен ұсталды.

  • 8 Шiлде 2016
  • 1278
Фото - Caravan.kz


Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің директоры оқытушыдан талапкердің колледжге оқуға түсуі және педагогикалық жүктемені көбейткені үшін 200000 мың теңге көлемінде пара алу кезінде қолға түсті, — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар.

Сонымен қатар «Айсана ана» және «Жас шуақ» балабақшаларының меңгерушісі әрі құрылтайшысы балабақша тәрбиеленушілерінің жалған тізімін жасау арқылы «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген жалпы сомасы 10000000 теңге бюджет қаражатын жымқырған. Қазіргі таңда екі лауазымды тұлға уақытша ұстау абақтысында. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл істерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.

 

Соңғы жаңалықтар