Шымкент мектептерінде ақша жинау үшін терминал орнатылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент мектептерінде ақша жинау үшін терминал орнатылмақ

Шымкент мектептерінде ақша жинау үшін терминал орнатылмақ

Шымкент қаласындағы мектептерде қаржы ашық түрде жиналады. Ол үшін білім ұяларына терминал орнатылмақ. Тың жоба қыркүйек айына дейін іске асады. Бұл туралы №80 мектептің директоры мәлімдеді. Пилоттық жоба дәл осы мектептен басталады.

  • 30 Мамыр 2019
  • 237
Фото - Caravan.kz

Терминал арқылы қаржыландырылу —  жемқорлықты жоюдың бірден-бір жолы. Осылай деген №80 мектеп директоры білім ұялары аз да болса қалталы азаматтардың көмегіне мұқтаж екендігін мойындады. Айтуынша, ұстаздардың құрал-жабдығына мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Сондықтан осындай амалға жүгінуден басқа жол жоқ көрінеді, деп хабарлады otyrar.kz.

Терминал әлі қойылып үлгермегенімен, оған қаржы салғысы келетіндер қазірден табылып жатыр. Дені бөтен емес, ата-аналар. Ешкімді мәжбүрлемейміз деген басшы түскен ақшаны мұғалімдер мұқтажына ғана емес, оқушылардың өзіне де жұмсамақ.

Биылғы оқу жылында №80 мектепке бюджеттен 2 миллион теңге қаржы бөлінген. Сәуле Қалыбекова берілген ақшаның мектептің жөндеу жұмыстарына жіберілгенін жеткізді. Бюджеттен қаржы бөлінгенімен білім ұясын баптап ұстау үшін ата-ананың көмегіне жүгінуге тура келеді.


Ал терминалға түскен қаржының есебі ресми жүргізіліп, ашық көрсетіліп отырады.