Жарияланды: 410

Шымкент мектептерінде басқарушылар арасындағы ауқымды ауыс-түйістер басталды

Шымкент мектептерінде басқарушылар арасындағы ауқымды ауыс-түйістер басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Жолдасбек Күзеубаев хабарлады.

Оның айтуынша, қалалық білім беру басқармасы барлығы 17 мектептің директорын ауыстырып, кейбіреуін басқа мектептерге жіберсе, енді бір бөлігі қызметінен босатылған. Қалалық әкімшілік пен білім беру басқармасындағылардың пайымдауынша, мұндай ауыс-түйістер педагогикалық ұжымдардағы моральдық ахуалға оңды ықпалын тигізуі тиіс. Ж.Күзеубаевтың пікірінше, "директорлық лауазымды 10 жылдан артық атқарған адам тоқырауға ұшырайды". Бұл тұжырымға мысал ретінде ол Тұрар Рысқұлов атындағы №25 мектепте қалыптасып отырған ахуалды атады. Ж.Күзеубаевтың айтуынша, бұл мектепте қолайсыз психологиялық ахуал қалыптасқан. Атап айтсақ, мектеп мұғалімдері директорды заңсыз алым-салықтар жинап қалта қақты, ешбір сылтау-себепсіз кадр алмастыруларын жүргізді және түрлі жаңжалдар туғызды деп айыптаған. Сөйтіп билік өкілдері мектеп директорын қызметтен босатып, педагогтардың талабын қабыл алды. Сондай-ақ, Ж.Күзеубаевтың айтуынша, мектепте қалыптасып отырған ахуал үшін қосымша жауапкершілік жүктеуі тиіс оқу ісінің меңгерушісі мен мектеп директорының орынбасары да жұмыстан шығарылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін