ТЖМ ақпаратына сәйкес, Шымкенттің Елшібек батыр көшесінде көппәтерлі тұрғын үйде, Шымкент маңындағы Бадам ауылының Қарабастау көшесіндегі жер үйде, Ақтау қаласының 9-шы ықшамауданындағы көппәтерлі үйде 28 қазанда шыққан өрттердің салдарынан 4 адамның мәйіті табылып, бір адам ауруханаға жатқызылды. Өрттер ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті