”Шымкент полициясында анасын ұрған адам жұмыс жасап жатыр” - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Шымкент полициясында анасын ұрған адам жұмыс жасап жатыр” - Айгүл Орынбек

”Шымкент полициясында анасын ұрған адам жұмыс жасап жатыр” - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек “Шымкент полициясында анасын ұрған адам” туралы айтты.

  • 23 Шiлде
  • 63
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Біздің Шымкент полициясында Анасын ұрған адам жұмыс істеп жатыр!

Анасына қол көтерген полиция қызметкеріне судья жәй ғана ескерту беріпті.

Думан Таев мырза!

Өз анасын ұрып тастайтын тәртіп сақшысы, арқарай жұмысын жалғастыра бере ме?

Ержан Саденов мырза!

Президентіміздің “Халыққа жақын полиция” тұжырымдамасына қарсы іс әрекет бұл!

Психикасы әлсіз, әйелдермен жиі конфликтіге келетін, тіпті қол көтеретіндер қалай полицияға қабылданған?

Анасына жаны ашымаған полиция қызметкері, халыққа қайдан жаны ашысын?

Сол күні 102 қоңырауымен шақырылған тәртіп сақшыларына алғыс білдіремін!
Өзіміздің әріптес қой деп, істі жылы жауып қоймай, сотқа дейін жеткізген!

Журналистер қаулы керек болса, Сот кабинетінен көре аласыздар”, — деп жазды заңгер.