Шымкент полициясы суицид жасаған Бекееваға қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент полициясы суицид жасаған Бекееваға қатысты мәлімдеме жасады

Шымкент полициясы суицид жасаған Бекееваға қатысты мәлімдеме жасады

Полиция Департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы өз-өзіне қол жұмсау әрекетін растады.

  • 6 Сәуiр 2022
  • 3702
Фото - Caravan.kz

Шымкент қалалық полиция департаментінің  баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өз-өзіне қол жұмсау әрекетінен кейін комаға түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. 

«Таңертеңгісін жұмысқа барғанымда, сағат 8-30-да жұмыс телефоныма Анықтау басқармасының бастығы – Нұрдаулет Сүйеубеков хабарласып, үстімнен қылмыстық іс қозғалғанын айтты және ертең тергеуге келіңіз деп шақырды. Қылмыстық іс ҚР ҚК 378 бабы 1-бөлігімен (Билік өкілін қорлау) ЕРДР 227 900031000227 нөмірімен тіркеуге алынғанын жеткізді. Қаулыны сұрағанымда, «Сіз БАҚ беттеріне жариялап жібересіз деп қорқамыз, ертең түс қайта 15:00-де қолыңызға ұстатамыз,- делінген Бекеева қалдырған соңғы хатта.

Полиция Департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы өз-өзіне қол жұмсау әрекетін растады.

«Наурыз айының соңында Youtube арнасында департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі полиция қызметкеріне қарсы балағат сөздер айтты деген жазба пайда болды. Осыған байланысты Шымкент қалалық полиция Департаментің басшысы (Қайрат Далбеков – ҚазТАГ) қызметтік тексеру тағайындады. Нәтижесінде Ішкі қауіпсіздік Басқармасы қызметкерлері баспасөз қызметінің басшысымен әңгімесін жазып алған полицейді анықтады. Қызметкер қарт ата-анасының жалғыз асыраушысы болғандықтан, бұл әңгімені өзін жұмыста қалдыру үшін өткен жылдың желтоқсан айында жазып алғанын түсіндірді», — деп хабарлады ведомстводан.

«Күн сайын жанжал шығарды, балағат сөздер айтты, оның ар-намысын қорлады. Сондай-ақ Бекеева жұмыстан шығарамын деп қорқытқан. Ақыры бұған төзбеген қызметкер жазбаны достарымен WhatsApp желісінде бөлісті, ал өзі моральдық және психологиялық қысымға төтеп бере алмай, ауруханаға түсті. Оның сөзін баспасөз қызметінің өзге қызметкерлері, кадр басқармасының қызметкерлері, 5 жүргізуші растады», — деп түсіндірді ведомствода.


Кейін ол қызметкер қылмыстық іс қозғау туралы шағым түсірген.

«Оның арызы ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркелді. Өтініш бойынша сотқа дейінгі тергеуді анықтау бөлімі жүргізеді.

Ал Қаратау аудандық полиция бөлімінде өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта Мөлдір Бекеева ауруханада жатыр», — деп толықтырды Ішкі қауіпсіздік басқармасы.

Соңғы жаңалықтар