Шымкент қалалық әкімшілігі қаладағы бағытты таксилердің санын азайтпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент қалалық әкімшілігі қаладағы бағытты таксилердің санын азайтпақшы

Шымкент қалалық әкімшілігі қаладағы бағытты таксилердің санын азайтпақшы

Шымкент қалалық әкімшілігі қаладағы бағытты таксилердің санын 580-нен 350-ге дейін азайтпақшы. Бұл туралы әкімшілікте өткен мәжілісте қала әкімінің орынбасары Юрий Ен мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қараша 2004
  • 506
Фото - Caravan.kz

Ю.Еннің айтуынша, қала ішіндегі бағытты таксилердің санын азайту қажеттігі жолаушы тасымалдау ережелері мен нормаларына негізделіп отыр. Белгіленген норматив бойынша, егер компания бағытқа жолаушы тасымалдайтын автобустар шығаратын болса, онда бұл бағыттағы таксилер саны автобустар санының 25-30 процентінен аспауы тиіс. Ал қазір қалада тепе-теңдік бұзылып, 650 автобус, 580 бағытты такси шығарылуда.

Сондай-ақ, Ю.Еннің хабарлауынша, бағытты таксилердің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін жиі бұзады. «Әсіресе «Газель» көліктеріне қатысты апаттар жиі шығады. Тәжірибелі жүргізушілер саусақпен санарлық, әрі бет-алды шапқылай береді, көлік ішін адамға лық толтырып алып, есігі ашық күйде жүйтки береді»,- деді ол.
Ю.Ен көлік саясатын өзгерту тасымалдаушыларға залалын тигізбейді дегенге сенімді. «Біз жолаушы тасымалына қарсы емеспіз, бағыттарды да қысқартудан аулақпыз. Біз тек көлік компанияларының «Газельдерді» сатып, қалалық үлгілі жолаушы тасымалдаушы автобустарды сатып алуынан мүдделіміз»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта