Шымкент қаласында нөсерден келген шығын көлемі есептелуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент қаласында нөсерден келген  шығын көлемі  есептелуде

Шымкент қаласында нөсерден келген шығын көлемі есептелуде

ШЫМКЕНТ. 25 - мамыр. Kazakhstan Today. Шымкентте арнайы комиссия 19 мамыр күнгі нөсердің әсерінен болған залалды бағалау үстінде. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Кенжехан Төлебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 25 Мамыр 2007
  • 501
Фото - Caravan.kz

Кенжехан Төлебаев арнайы комиссия қала әкімшілігінің жанынан құрылғандығын және оның құрамына төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлері, құрылысшылар, сәулетшілер, аудандық әкімшілік өкілдері кіргендігін хабарлады.

«Тек бір ғана Әл-Фараби ауданы бойынша үйлері судан зақымданған 30 азаматтың арызы келіп түсті», — деді департамент басшысы.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнге дейін 17 үй тексерілген. Қалғандары өз кезегін күтуде. Барлық зақымдалған нысандарды тексеріп болғаннан кейін адамдарға жаңа үй немесе қаражат беру туралы, болмаса, жөндеу жұмыстарына көмек беру туралы нақты бір шешім шығарылады.

Бізге белгілі болғандай, жауыннан «Нұрсат» ықшамауданындағы жаңа үйлер де зардап шеккен. Көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесінде су деңгейі 10-15 см-ге жеткен. Қазір ол сумен «Ltd Тұрмыс» тұрғын үй коммуналдық басқармасының қызметкерлері айналысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті