Шымкент: Шаңырақ шағын ауданында жерге қатысты шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент: Шаңырақ шағын ауданында жерге қатысты шу шықты

Шымкент: Шаңырақ шағын ауданында жерге қатысты шу шықты

«Шаңырақ» дауы Шымкентке де жетті. Мұнда шенеуніктердің шала ісінен оралмандар зардап шегіп отыр. Қала шетіндегі  Шаңырақ ықшамауданына келген қандастарымызға берілген жер телімдерінің басқа иелері бар болып шықты. Онсыз да баспанаға зар боп жүрген оралмандардың арасына енді жергілікті атқамінерлердің кесірінен жік түсіп отыр. Шиеленіскен  Шаңырақтағы шулы даудың ортасында Бекжігіт Мәуленов те болып қайтты.

  • 15 Маусым 2011
  • 783
Фото - Caravan.kz

Шымкенттің іргесіндегі  Шаңырақықшамауданына көшіп келген оралман қандастарымыздың бүгінгі жағдайы осы. Бас-басына баспана болмағандықтан,бір шаңырақта бірнеше отбасы күнелтіп келеді. Кейбіріне жеке жер телімі де берілген. Алайда құрылыс бастауға бата алмай жүр.

Оңғар Кенжеев, Шаңырақ  ықшамауданының тұрғыны:

— Бір адамға екі шешім шығарып жебірген. Сабиров деген  әкім орынбасары  бар, Қаратөбенің, сол адам оралмандардың тынышын  бұзып, үй салдырмай отыр.

2004  жылы Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан Қаратөбе ауылдық аймағынан оралмандарға  15 гектар жер бөлінген. Ол жерге 500-дей шаңырақ қоныстануы керек болатын. Қазір соның 250-ден астамы орналасып та алған. «Шаңырақ» деп ат қойылған ауыл Шымкент қаласының құзыретіне берілген. Енді бір жерді бірнеше адамға беру туралы шешім шығарған шенеуніктер өзге емес, туыстардың арасына жік салып отыр.

Жақып Мамапбеков, оралман:

Маған қаладан шешім берді, сол шешіммен үй соғуды бастадым. Фундамент құрсам, менің үстімнен өзімнің туысқаным, бауырыма басқа шешім шығарып беріп қойған. Мен оны ұрып өлтіруім керек пе, әлде ол мені  өлтіруі керек пе? Бауырымыз екеумізді ұрыстырып қойды,шенеуніктер.

Қарабұлақ ауылдық аймағы басшыларының айтуынша,  аумақтағы 51 жер телімінің бірнеше иесі бар. Оған себеп: шымкенттік шенеуніктердің шалалығы. Олар   Шаңырақ  ықшамауданына қарасты 11 гектардың аумағынан емес, Сайрам ауданына қарасты жерлерге  де шешім шығарып жіберген.


Нуриддан Сабиров, Сайрам ауданы Қаратөбе ауылы әкімінің орынбасары:

— Шымкент қаласы әкімдігі қаулысымен бұл жерде 29 адамға шешім шығарып, мемлекеттік акті алып, Сайрам ауданының  аумағына  орналастырып қойған. Сол жерде  екі жақты болып тұр. Шымкент қаласы әкімдігі Сайрам ауданының  аумағынан жер беруге құқы жоқ.

Ердәулет Ахметов,  Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімінің  бас маманы:

— 2009 жылы барлығы бұзылған. Шымкент қаласы әкімшілігінің Сайрам ауданы жер учаскесіне берілген қаулылар — барлығы бұзылған. Біз Сайрам ауданының жер учаскелеріне мемлекеттік акті берген жоқпыз.

Шымкенттік шекпендінің айтуынша, Сайрам ауданы тарапынан берілген барлық шешімдердің күші жойылған. Екі жақтың шенеуніктері осылай шекісіп жатқанда, Шаңырақта  оралман қандастарымыз салған бірнеше баспана бұзылып та кеткен.

Соңғы жаңалықтар