Жарияланды: 330

Шымкент соты аса қатыгездікпен кісі өлтіргендерге үкім шығарды

Шымкентте облыс орталығының 3 тұрғынына үкім шығарылды. Олар түнгі клубта бір адамды өлтірді деген айып тағылған еді.

Қылмыс өткен жылдың 10 қазанында болды. Полиция қызметкерлері түнгі клубтың маңынан жас жігіттің мәйітін тапты. Сараптамаға сәйкес, ол бытыралы оқ жарақатынан өлім құшқан. Жас жігіт өлім құшпас бұрын соққыға жығылып, травматикалық қарудан жарақаттанған. Полиция 3 күдіктіні қолға түсірді, олардың кінәлары дәледеніп, сотқа жіберілді. Тексеру амалдарының нұқсасы бойынша, шолақ мылтықтан оқ атқан басты күдіктілердің бірі кісі өлтіргені және қару сақтағаны үшін 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрайымы Райымхан Заппарованың сөзіне қарағанда, сот ҚР ҚК-нің 58 бабы 4 бөлімі бойынша қорытынды үкім шығарды, сотталушы жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Басқа күдікті қаруды заңсыз сақтағаны және бұзақылық үшін 3,5 жылға сотталды, үшіншісіне бұзақылық үшін 3 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы кесілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін