Шымкент стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінде жыл басынан бері 35 қылмыс тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінде жыл басынан бері 35 қылмыс тіркелді

Шымкент стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінде жыл басынан бері 35 қылмыс тіркелді

Шымкент стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінде биылғы жыл басынан бері барлық салалар бойынша 35 қылмыс тіркелді.

  • 30 Мамыр 2011
  • 521
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 30 пайызға аз. Қылмыстың ашылуы 95,7-ден 96,4 пайызға артты.

Желілік ішкі істер бөлімінің бастығы Жұматай Сапарбаевтың пікірінше, бұл жаман көрсеткіш емес. Дегенмен, темір жол бойында болатын ұрлық және қайғылы оқиғалар тиылмай отыр. Темір жол құралдарының, локомотив және вагон бөлшектерінің ұрлануы пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп отыр.

Мысалға, биылғы наурыз айында «Арыс-2-Қалаш» стансалары аралығындағы Түркістан жол дистансасына қарасты жолда ірі көлемде темір жол бөлшектері ұрланды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ұры қолға түсіп, оның үстінен ҚР ҚК-нің 175- бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрлық фактісі «Шымкент-Қорғасын» учаскесінің 3287-ші шақырымындағы 8-ші пикетте де болды. Онда белгісіз біреулер 630 дана рельс бекітпелерін ұрлап кеткен. Қылмыскер бұл жолы да ұзақ жасырынып жүре алған жоқ.

Тағы бір алаңдатарлығы, темір жол бойларында адамдардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар. Өткен жылы темір жол бойында 22 адам зардап шегіп, олардың 16-сы көз жұмды. Биылғы бес айдың өзінде 3 адам пойыз астына түсіп, мерт болды.

Желілік ішкі істер бөлімі есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күресті де күшейтіп отыр. Жыл басынан бері осындай 11 қылмыс тіркелді. Оның ішінде есірткі затын өткізудің 2 фактісі және есірткі затын заңсыз аса көп мөлшерде сақтаудың 6 фактісі бар. Қылмыскерлер заңмен тиісті жазаларын алуда.

Соңғы жаңалықтар