Шымкент: темір жол вокзалы сапалы қызмет көрсетуден қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент: темір жол вокзалы  сапалы қызмет көрсетуден қалды

Шымкент: темір жол вокзалы сапалы қызмет көрсетуден қалды

Шымкенттегі темір жол вокзалы жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуден қалды. Бұған бекет қызметкерлерінің жауапсыздығы емес, вокзалдағы вентиляциялық жүйенің жоқтығы себеп. 45 градустық қапырық ыстықта қоғамдық орыннағыз моншаға айналған. Тіпті бұған жолаушылар тұрмақ, вокзалдың кассалық есеп-қисап жасайтын техникалары да шыдамай, шетінен істен шығып жатыр.

  • 13 Шiлде 2011
  • 998
Фото - Caravan.kz

Әдетте кісі арылмайтын Шымкенттегі теміржол вокзалында қазір адам аз. Жолаушылар тек күткен пойызы келген уақытта ғана вокзалға бас сұғады. Әйтпесе терезесі бітеу, желдеткіш жүйесі қарастырылмаған ғимараттың ішінде  «бес минут тұрудың өзі азап» -дейді сапарға шыққандар. Ал вокзал кезекшілері болса, жолаушыларға «аптап ыстықтан қорғаныңыздар» — деп,ескерту жасаумен әлек. Кассадағы жағдай тіпті ушығып кеткен.Кезек ұзын-сонар. Кассирлердің айтуынша, қапырық ыстықтан есептегіш техникалар істен шығып, компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы бәсеңдеген.

— Облыс бойынша үлкен қала –Шымкент. Жан-жақтан, басқа облыстан қонақтар келіп, күтіп отыр, түске дейін — істемейді. Кассирлерден сұрайын десең, жауап жоқ. Бастығы отыр,анау жерде, шарасыз.

Келеңсіздіктерге вокзалға жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылыс компаниясы кінәлі көрінеді. Құрылысшылар өз міндеттерін атқарып,  тайып тұрған, алайда олардың желдеткіш жүйесін мүлдем алып тастағандығын ешкім де байқамапты.


Мәрия Ыбраева, Шымкент қаласының тұрғыны:

— Демалу қиын, желдеткіш жоқ.

Екі  жыл бойы жөнделген Шымкенттің вокзалына 200 млн теңге шығындалған. Бұл жұмысты тапсырыс берген «Теміржол-қызмет» компаниясы  қабылдап алыпты. Алайда  компания басшылығының айтуынша, вокзалда желдеткіш жұмыс істеп тұр, тек  заманауи болғандықтан, қарапайым тұрғындар оның қызметін түсінбейтін көрінеді.

Нұрғали Өсжігітов, «Теміржол-қызмет» ЖШС директоры:

— Желдеткіш жүйесі  істеп тұр Тек қана онда суыту мәселесі  қарастырылмаған. Тек ауаны тазартып, жаман иістерді сыртқа шығару жүйесі қарастырылған.

Шымкенттегі шілденің шіліңгір ыстығынан қорғану тіпті де мүмкін емес. Қазір көлеңкенің өзінде сынап бағанасы 45 градусты көрсетіп тұр. 

Соңғы жаңалықтар