"Шымкент – ТМД елдерінің мəдени астанасы" жылының ашылуы кейінге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шымкент – ТМД елдерінің мəдени астанасы" жылының ашылуы кейінге қалды

"Шымкент – ТМД елдерінің мəдени астанасы" жылының ашылуы кейінге қалды

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Baq.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков мəлімдеді.

11 наурыз күні Д

  • 12 Наурыз 2020
  • 8
Фото - Caravan.kz

Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков мəлімдеді.

11 наурыз күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныды. Бұл таяу күндері ауру жұқтырған елдер қатары көбейеді дегені өздеріңізге белгілі. Сондықтан, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тwitter-дегі парақшасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасы негізінде Үкімет арнайы алдын ала қолға алу шараларын ұйымдастыратынын жəне қоғамдық іс-шараларды уақытша тоқтату жөнінде мəлімдеді. Осыған орай, 2020 жылдың 20 наурыз күні Шымкен қаласында өтетін "Шымкент ТМД елдерінің мəдени астанасы" жылының ашылу салтанаты кейінге қалдырылды, — деді Алмасбек Мамытбеков.

Оның айтуынша, вице-премьер Ерасыл Тоғжановтың хабарлағанындай, орта білім беру жəне колледждердегі демалыс уақыттары алдын ала басталып, 16 наурыз бен 5 сəуір аралығына ауысты.

Сонымен қатар, кинотеатрлар өз жұмысын уақытша тоқтатылып, спорттық іс-шаралар көрерменсіз өтеді.


Əлемде орын алып отырған жағдайды ескере отырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарға алынды. Шетелдік қонақтар шақырылған үлкен мəдени іс-шараның тоқтатылуына байланысты халық арасында үрей тудырудың қажеті жоқ екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін атап өту іс-шараларында тоқтатуды жөн санап отырмыз, — деді қала əкімінің орынбасары А.Мамытбеков.

Айта кетсек, мұның алдын "Шымкент — Доcтacтықтың 2020 жылғы мəдени acтaнacы" caлтaнaтты aшылу pəcімі 20 нaуpыз күні Қaжымұқaн aтындaғы оpтaлық Cтaдиондa өткізілетін болып белгіленген еді. Caлтaнaтты іc-шapaның концеpттік бaғдapлaмacынa 800-ге жуық Шымкент қaлacының өнеpпaздapы мен Aлмaты, Acтaнa қaлaлapы мен ТМД елдеpінен 300-ден acтaм өнеpпaз қaтыcып, ашылу caлтaнaтын 16 мыңнaн acтaм қaлa тұpғындapы мен cыйлы қонaқтap тaмaшaлaйтын болған.

Соңғы жаңалықтар