Жарияланды: 330

Шымкент түбінде апатта қаза тапқандардың отбасылары 1 млн. теңгеден алды

Шымкент түбінде апатта қаза тапқандардың отбасылары 1 млн. теңгеден алды .

ОҚО әкімі баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәлидің сөзіне қарағанда, қаза тапқандардың отбасыларына қаражат бюджеттен берілген жоқ, бұл қайғылы оқиғаға енжарлық танытпаған облыс тұрғындарының көмегі. Қаражат кешеден бері әкімдіктің есебіне аударылуда және қаза тапқандардың отбасыларына кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері және қала мен облыстың қарапайым тұрғындары көмек қолын созуда. Қаза тапқан шекарашылардың отбасыларымен бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов кездесті. Ол бұл жағдайға байланысты көңіл айтып, қаза тапқандардың туыстарының сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда көбінесе жерлеу рәсіміне қатысты сұрақтар орын алды. Қазіргі кезде мүрделерді тану бойынша сараптама жасалуда, әр қаза тапқан азаматтың жеке тұлғасы анықталу үстінде. Түрлі расталмаған мәліметтерге қарағанда, 4-тен 8-ге дейін азаматтың жеке тұлғасы анықталды. Қаза тапқан шекарашылардың туыстары мүрделерді тану үшін қан тапсыруда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін