Шымкент тұрғыны дәмханаға Калашников автоматымен келді
Шымкент дәмханаларының бірінде полицейлер 33 жастағы тұрғынды ұстады. |
Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметтерінше, оны ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» бөлімшесімен бірлесе отырып қолға түсірген.
Тәртіп сақшылары ер адамның сөмкесінен Калашников автоматы мен оқтар салынған оқшантайды тапты. ҚР ҚК-нің 251 бабы (Қару, оқ қарулары, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды заңсыз сатып алу, тапсыру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алынған айғақ дәлелдер сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Анықталғандай, бұрын ол алаяқтық жасағаны үшін сотты болған. Терегу амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін