«Достық» мөлтек ауданындағы жеке үйлердің бірінде тұратын мүмкіндігі шектеулі әйел өзін «жасөспірімнің әпкесімін» деп таныстырған.
Өздігінен жүріп-тұра алмайтын баласы бар келіншек жасөспірімді бес айдан бері ешқайда шығармай ұстап отырған және үйінің бар шаруасын соның мойнына асып қойған көрінеді.
«Оны көршілері де растап отыр», — дейді Қаратау аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрлан Қайназаров.
Құзырлы орган өкілдері баланы өзінің туған бауыры бес ай бойы құлдықта ұстаған болуы мүмкін деп отыр. Қазіргі таңда мәселенің анық-қанығы тексеріліп жатыр.