Шымкент түрмесінде өз-өзіне қол жұмсаған жазасын өтеушілер саны 100-ден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент түрмесінде өз-өзіне қол жұмсаған жазасын өтеушілер саны 100-ден асты

Шымкент түрмесінде өз-өзіне қол жұмсаған жазасын өтеушілер саны 100-ден асты

Шымкенттегі ИЧ 167/3 түзету мекемесінде өз-өзіне қол жұмсаған жазасын өтеушілер саны 100-ден асты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Сәуiр 2005
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 12-сәуір күні таңертең түзету мекемесінде қамауда отырған 6 адам өз-өздеріне қол жұмсап, пышақпен іштерін жарақаттаған. Зардап шеккен адамдар ауруханаға жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілді. Соңынан бұл шараға басқа да тұтқындар қосылды.

Қазір жағдайды тұрақтандыру үшін түрмеге сотталғандардың туыстары жіберілген. KZ-today тілшісінің хабарлауынша, сонымен бірге түзету мекемесінің жанына арнайы құралдармен жабдықталған Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ күзет полициясының батальоны келіп жетті.
Бұл — еліміздің оңтүстік аймақтарында соңғы бір аптада болған осындай екінші оқиға. 8-сәуірде Жамбыл облысындағы 158/2 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан 15 тұтқын осындай бағынбаушылық шарасын жүзеге асырған болатын.

Перейти к новостям спорта