Осы орайда еске сала кетсек, 21-мамырда ИЧ-167/3 түрмесінде жазасын өтеп жатқан 77 адам жаппай өз-өзіне қол жұмсаған.
А.Бектеновтың айтуынша, жазасын өтеушілердің жаппай өз-өзіне қол жұмсауына «мекеме әкімшілігінің адамдарды тұрақты қорлауы мен жәбірлеп, соққыға жығуы себеп болған».
Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің «Арнаулы құралдарды пайдалану арқылы билігін асыра пайдалану» жөніндегі 308-бабы, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады, деді көмекші.
Сонымен бірге прокуратура тәртіпсіздіктер ұйымдастыру дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғады. «Жазасын өтеушілердің әрекеті мекеменің қалыпты жұмыс ырғағын бұзуға және мекеме қызметкерлерінің заңды іс-қызметіне кедергі келтіруге бағытталғандықтан арнаулы прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің (қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымның іс-қызметіне топтың алдын-ала ымыраласуы арқылы кедергі келтіру) жөніндегі 361-ші бабы, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады»,- деді А.Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті