Іс бес айыпталушағы қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот материалдарына сәйкес, Шымкент ҰҚКД басшысының бұрынғы орынбасары Манат Сарбасов құқық қорғау органында басшылық қызмет атқара отырып, 2019-2020 жылдары кәсіпкерден жеке мектебіне қамқорлық жасау үшін 70 миллион теңге пара алған. Одан кейін екі пәтер сатып алып, оларды жалға беру арқылы және сатудан пайда тапқан.
«2020 жылы Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз өткізуі нәтижесінде бөлім басшысының м.а. Д.Ч. және жеке кәсіпкер Т.Е. 92 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырған», — делінген сот хабарламасында.
Сарбасов жасалған қылмысты біле тұра, өзіне және басқа тұлғаларға пайда келтіру мақсатында, қызмет бабында әрекетсіздік танытқан, яғни Д.Ч. мен Т.Е.-ның қылмыстық әрекеттерін тоқтатпаған.