Шымкент-Алматы жолында жолаушылар автобусы өртенді
Жамбыл облысының Қордай асуында бүгін жолаушылар автобусы өртенді. |
Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Шымкент - Алматы жолында автобус өртенгені туралы сағат 8.00-де хабар жеткен.
Жүргізуші қапталадғы айнадан артқы багаж жақтан қара түтін шығып жатұанын байқап қалған. Ол дереу автобусты тоқтатқан, 45 жолаушы еш дүрбелеңсіз автобустан шығарылып, жол-жөнекей көліктерге отырғызылған. Ешкім зардап шекпеген.
Автобус салоны толық өртеніп кеткен. Қазір оның себебі мен келген шығын анықталуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін