Шымкенте екі мыңдай мектеп түлегі кәсіби дайындық туралы куәлік алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенте екі мыңдай  мектеп түлегі кәсіби дайындық туралы куәлік алды

Шымкенте екі мыңдай мектеп түлегі кәсіби дайындық туралы куәлік алды

Шымкент. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенте 1870 мектеп түлегі оқу-өндірістік комбинатында 13 мамандық бойынша оқудан өтіп, кәсіби дайындық туралы куәлік алды. Бұл туралы агенттік тілшісіне №1 мектепаралық оқу-өндірістік бірлестігінен хабарлады.

  • 27 Мамыр 2008
  • 790
Фото - Caravan.kz

«Қазір біз 13 мамандық бойынша оқытып жатырмыз, таяу уақыттарда тағы да 6 мамандықты қосуды көздеп отырмыз», — деді мектепаралық оқу-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары Светлана Ворочкина.

Оның айтуынша, оқу-өндірістік бірлестігінде алты цех пен 26 кабинет бар. Комбинат әсіресе жапон жабдықтары қойылған тігін цехы мен ағаш шеберханасын мақтан тұтады.

«Біз Жапонияның «Шөп тамыры» атты грантын жеңіп алып, қазіргі заманғы тігін машиналары мен ағаш шеберінің электротехникалық жабдықтарын сатып алдық», — дейді С. Ворочкина.

Орынбасардың айтуынша, биыл №1 мектепаралық оқу-өндірістік бірлестігінде 1320 мектеп оқушысы оқудан өтті. Оларға орта буын мамандары деген куәлік берілді.

«Бұл балалар өздерінің бірінші кәсіптік куәлігіне ие болды, осы куәліктері олардың өмірінде үлкен көмек болады дегенге сенімдімін. Олар енді жұмысқа орналаса алады, немесе, жоғары оқу орнына түсіп алып, кәсіптерін одан әрі жетілдіре алады», — деді №1 мектепаралық оқу-өндірістік бірлестігінің директоры Бауыржан Ахметов.

Қалалық білім беру бөлімінің хабарлауынша, Шымкентте екі оқу-өндірістік бірлестігі бар. Жалпы алғанда оларда биыл 1870 оқушы кәсіп игерді.

Шымкентте жалпы биыл 4 817 бала мектеп бітірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті