Шымкентке жаңа әкім тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Асқар Бейсенбаев Шымкент әкімі болып тағайындалды.

  • 30 Шiлде 2019
  • 96
Фото - Caravan.kz

Ол бұл қызметке дейін ҚР Парламенті Сенат Комитетінің төрағасы болған еді.

Асқар Бейсенбаев 1961 жылы 31 қаңтарда Түлкібас ауданында дүниеге келген. Жамбыл тамақ және жеңіл өнеркәсібі технологиялық институтын, Алматы филиалының технологиялық факультетін (1983) технолог-инженер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

"Құрмет", "Парасат", II дәрежелі "Достық" ордендерімен марапатталған.


 Еске салайық, мұның алдында Шымкент әкімі қызметінде Ғабидолла Әбдірахымов болған еді. Ол әкім қызметіне 2018 жылдың 20 маусымында тағайындалған болатын.
 

Соңғы жаңалықтар