"Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын", — делінген Жарлықта.
Мұрат Әйтенов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауылында дүниеге келген. 2004 жылы армия генералы С. М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын "ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің аға инженері, кезекші ауысым бастығы болып жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы ПІБ "Астана-Өнім" АҚ шаруа ауласының меңгерушісі болды. Өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы — ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымдарды басқару бөлімінде 2008 жылдан 2010 жылға дейін қызмет атқарды.
2010 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2012 жылдан 2013 жылға дейін осы бөлімнің меңгерушісі болды. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы болды. Төрт жылдан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне ауысты. Ал 2019 жылдың желтоқсанында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.