Жол полициясының тәртіп сақшылары «Жигули» маркалы автокөлігін Шымкентке кіреберісте тоқтатқан. Көлік жүргізушісі, Тәжікстан азаматының құжат тексеруі кезінде әдеттен тыс күйгелектенуі тәртіп сақшыларының күдігін туғызса керек. Көлікке жүргізілген тінту кезінде қытай сөмкесінің ішінен жалпы салмағы 10 килоны құрайтын, қағаз дорбаларға салынған ақ ұнтақ табылды.
Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысы ақ ұнтақтың героин екенін көрсетіп берді.
Тұтқынның айтуынша, ол сөмкені Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында бір дүңгіршектің жанынан тауып алған.
Шымкент полициясы бірінші бөлімінің қызметкерлері осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.