Шымкентте 10 кило героин әкеле жатқан есірткі тасымалдаушы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 10 кило героин әкеле жатқан есірткі тасымалдаушы ұсталды

Шымкентте 10 кило героин әкеле жатқан есірткі тасымалдаушы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары 10 кило героин әкеле жатқан есірткі тасымалдаушыны ұстады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес бөлімінің бастығы Берікжан Мәмбетәлиев KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Жол полициясының тәртіп сақшылары «Жигули» маркалы автокөлігін Шымкентке кіреберісте тоқтатқан. Көлік жүргізушісі, Тәжікстан азаматының құжат тексеруі кезінде әдеттен тыс күйгелектенуі тәртіп сақшыларының күдігін туғызса керек. Көлікке жүргізілген тінту кезінде қытай сөмкесінің ішінен жалпы салмағы 10 килоны құрайтын, қағаз дорбаларға салынған ақ ұнтақ табылды.

Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысы ақ ұнтақтың героин екенін көрсетіп берді.
Тұтқынның айтуынша, ол сөмкені Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында бір дүңгіршектің жанынан тауып алған.
Шымкент полициясы бірінші бөлімінің қызметкерлері осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.

Соңғы жаңалықтар