Жарияланды: 330

Шымкентте 1000-ға жуық абонент көгілдір отынсыз қалды

Шымкентте 1000-ға жуық абонент көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Апатқа жерасты газ құбырынан газдың ауаға тарауы себеп болған. «Шымкентте Темірлан тас жолы бойында орналасқан тұрғын үй жанынан диаметрі 89 мм-лік төмен қысымды жерасты газ құбырынан газдың сыртқа шығып жатқандығы анықталды », - делінген таратылған ақпаратта. Соның салдарынан көппәтерлі тұрғын үйдің 729 абоненті және жеке тұрғын үйлердің 155 абоненті газбен жабдықтаусыз қалды. Төтенше оқиғаны жоюға «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін