Шымкентте 141 млн теңге жымқырған кибербанда құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 141 млн теңге жымқырған кибербанда құрықталды

Шымкентте 141 млн теңге жымқырған кибербанда құрықталды

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде олардың тоғыз интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды.

  • 19 Қыркүйек
  • 4
Фото - Caravan.kz

Шымкент полицейлері Шымкент, Алматы және Алматы облысы аумағында әрекет еткен интернет-алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде олардың тоғыз интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Келтірілген жалпы залал сомасы 141 млн теңгеден асты.

Барлығы қылмыстық топтың төрт мүшесі ұсталды:

  • ұйымдастырушы – дроптар мен дропповодтардан банктік карталарды алып, ұрланған ақшаны қолма-қол ету процесін бақылап отырған;
  • екі дропповод – дроптарды іздеумен және тартумен айналысқан;
  • ақша тасымалдаушы – қолма-қол ақшаны ұйымдастырушыға жеткізіп отырған.

Қазір күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полиция тағы да ескертеді:

«16 қыркүйектен бастап Қазақстанда банктік шоттарға, төлем құралдары мен идентификациялық деректерге заңсыз қол жеткізу, беру немесе сатып алу, сондай-ақ заңсыз аударымдар мен төлемдер жасау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді».

Бұған дейін Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа киберқауіп туралы ескерту жасаған болатын.

Перейти к новостям спорта