Шымкентте 16 жастағы бала қатарласын өлтірді деп күдіктеліп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 16 жастағы бала қатарласын өлтірді деп күдіктеліп отыр

Шымкентте 16 жастағы бала қатарласын өлтірді деп күдіктеліп отыр

Шымкенттің Қазығұрт ықшам ауданындағы № 86 орта мектептің оқушысы, 16 жастағы бала қатарласын өлтірді деп күдіктеліп отыр, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

  • 16 Маусым 2011
  • 612
Фото - Caravan.kz

«Мектеп оқушысын өлтірген адам бір күннің ішінде ұсталды, бұл қаладағы №86 мектептің оқушысы болып шықты, оның үстінен ҚР ҚК 103 бабы «өлімге алып келген ауыр дене жарақаттарын жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қалалық білім бөліміндегі дереккөздің хабарлауынша, №66 орта мектептің түлектері сәрсенбі күні сыныптан сыныпқа ауысу емтихандарын тапсырған. Кейін жасөспірімдер далаға шығып, демалыста жүрген №86 мектептің оқушыларын кездестірген.

Куәгерлердің айтуынша, балалардың арасында дау шығып, күдікті пышақ алып шыққан. «Ұсталған баланың өзі төбелес кезінде күші жетпейтінін біліп, пышақ қолдануға тура келгенін айтып отыр», — дейді С. Қаракөзова. Жарақат алған бала өз мектебіне жетіп, жедел жәрдем келмей жатып көз жұмған.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, қаза болған бала кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияда есепте тұрған. Қалалық білім бөліміндегі дереккөздің айтуынша, қақтығысқа қатысқандардың екеуі де қиын балалар болған, демалыс басталар алдында олардың ата-аналары мектеп басшылығына жаз бойы балаларының тәртібін дұрыс қадағалап жүретіні туралы түсініктеме хат жазған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар