Жол көлік оқиғасы болған жерге келген тәртіп сақшылары марқұмның 1949 жылы туған зейнеткер екенін анықтады. Алған дене жарақаттары тым ауыр болғандықтан қария сол жерде көз жұмған.
Ал, зейнеткерді көлігімен қаққан жас жігітті полицейлер бірер сағаттың ішінде қолға түсірді. Күдікті кінісән мойындап отыр. 1998 жылғы бозбала қорыққандықтан қашып кеткенін айтып отыр. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 345-ші және 347-ші баптары бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.