Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында іргетасы қалаған жаңа ықшамаудандағы пәтерлердің кілтін қоныстанушыларға Шымкент қаласының әкімі Ғалым Жұмжаев табыс етті.
Жалпы алғанда ипотека бойынша пәтерлер алуға 2950 адам тілек білдірген. Қалалық әкімшіліктен құрылған комиссия олардың арасынан мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу талаптатына сәйкесетін 2340 адамның тізімін жасады. 1373 адамның тізімі несиені рәсімдеу үшін банкке жіберілді. Бірақ олар онда өздерінің төлемдік қабілеттілігін дәлелдеуге тиіс.
«Нұрсәт» ықшам ауданындағы жаңа 23 үй қыркүйектің аяғында пайдалануға беріледі деп межеленген. Алайда, мемлекеттік комиссия әзірге небәрі 7 үйді ғана қабылдап алу туралы актіге қол қойды.
Жалпы алғанда «Нұрсәт» ықшам ауданында үш жылда 550 үй мен мектептер, дүкендер, клубтар, балабақшалар мен емханалар салынуға тиіс. Бұл жерде 20 мыңдай адам тұратын болады.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті