Шымкентте 22 аялдама бұзылып, орнына жаңасы орнатылады
Шымкент. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 22 аялдама бұзылып, орнына жаңасы орнатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктегілер мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, жаңа аялдамалар өзін ақтамаған. Олар жел мен жаңбырдан нашар қорғайды, сондай-ақ, беріктігі де нашар. Соның салдарынан оларды жиі бұзып кетеді. Осыған байланысты аялдамаларды ауыстыруға шешім қабылданды, оған қалалық бюджеттен қаржы бөлінбейді, шығындарды мердігер өз мойнына алды, деп хабарлайды әкімдіктегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін