Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға Тыныбаев көшесі, 5 мекен жайында орналасқан тұрғын үйде болған. Үрейленген тұрғындар жалға берілетін пәтерлер жезөкшелер ордасына айналғанын айтып аудандық полицияға талай рет хабарлаған, алайда сөздерінше оларды ешкім елмеген.
"Оқиға болатын түні де пәтерде тыныш болмаған. Көршілерінің айтуынша, олар полиция хабарласып, айғай-шу мен қатты дауыстарға шағымданған, тіпті қабырғаны ұрып шуламауларын талап еткен. Бір сәтте жалға алынған пәтерде тып-тыныш болып қалады. Қайтыс болған қыз шамамен 22 жаста. Қылмыскерлер іздерін жасыру үшін, мәйітті өртемек болған", — делінген хабарламада.
Жан түршігерлік оқиғаның мән-жайын әзірге тәртіп сақшылары ашып айтқан жоқ. Полиция оқиғаның куәгерлері мен көршілерін тергеп жатыр, оқиға орнында кинологтар мен сот-медициналық сарапшылар жұмыс істеуде.