Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 23 адам тағамнан улану диагнозы бойныша жеткізілді. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Ғалым Айнабек айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
Ауруханаға 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер түсті.
"Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төртеуі жан сақтау бөлімінде – екі бала және 17 мен 18 жасар екі жасөспірім. Олардың барлығы балмұздақты Республика даңғылы бойында орналасқан "Фантазия әлемі" саябағы жанындағы "Южное" дүкенінен сатып алған", — деді бас дәрігер.
Оның мәліметінше, балалар мен жасөспірімдер балмұздақты 27-28 наурыз күндері жеп, ал 29-30 наурызда ауруханаға жатқызылды.
Оқи отырыңыз:
Танымал актер Сейфуллин көшесіндегі қыздардың білімін тексерді
Айсәуле Бақытбек: «Жан Ахмадиев – еркек емес, есек!»