Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді

Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді

Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді

  • 13 Сәуiр
  • 5
Фото - Caravan.kz

Шымкент қаласында прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігі жүргізген жедел іс-шаралар барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан.

Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді.

Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.