«Екінші курс студенттері дауласып қалды. Ұсталғанның сөзіне қарағанда, жапа шеккендер оған қысым көрсеткен. Олардың талаптарына келіспеген соң дау шыққан», — деді Абай аудандық прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов.
Прокуратура ақпаратынша, студенттердің бірі пышақ алып қатарластарына шабуыл жасаған. Бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Үшіншісі жеңіл жарақат алып, дәрігердің алғашқы көмегін алған соң үйіне жіберілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 96-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сезікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.