Шымкентте 33 мың оқушыға орын жетіспейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 33 мың оқушыға орын жетіспейді

Шымкентте 33 мың оқушыға орын жетіспейді

Шымкент. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентт 61 мың орынға есептелген 83 мектепте 94 мың оқушы оқуда, деп хабарлады журналистерге қалалық білім беру бөлімінің бастығы Қайрат Сүгірбеков.

  • 22 Тамыз 2008
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Қаламызда мектептер, балалар бақшалары мен мектептен тыс мекемелердің жетіспеушілігі орасан зор. Алдын ала есептеулер бойынша, 81 балалар бақшасы, 28 мектеп және 10-12 мектептен тыс мекеме жетіспейді», — деді Қ. Сүгірбеков.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, балалар бақшаларындағы 20 адамға арналған топтарда 40, кейде тіпті одан да көп бала тәрбиеленуде. «Оның үстіне бөлмелердің тарлығы соншалықты ыдыс-аяқ, төсек және балалар бір бөлменің ішінде ұйлығысуда», — деп түсіндірді Қ. Сүгірбеков.

Сонымен қатар, балалар бақшаларында орын алуға деген кезек қазіргі таңда 19 мыңды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар