Caravan Logo

Шымкентте 33 мың оқушыға орын жетіспейді

Шымкентте 33 мың оқушыға орын жетіспейді

"Қаламызда мектептер, балалар бақшалары мен мектептен тыс мекемелердің жетіспеушілігі орасан зор. Алдын ала есептеулер бойынша, 81 балалар бақшасы, 28 мектеп және 10-12 мектептен тыс мекеме жетіспейді", - деді Қ. Сүгірбеков.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, балалар бақшаларындағы 20 адамға арналған топтарда 40, кейде тіпті одан да көп бала тәрбиеленуде. "Оның үстіне бөлмелердің тарлығы соншалықты ыдыс-аяқ, төсек және балалар бір бөлменің ішінде ұйлығысуда", - деп түсіндірді Қ. Сүгірбеков.

Сонымен қатар, балалар бақшаларында орын алуға деген кезек қазіргі таңда 19 мыңды құрайды.