Шымкентте 4 жасар бала фосфордан күйіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 527.58
  • 546.15
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 4 жасар бала фосфордан күйіп қалды

Шымкентте 4 жасар бала фосфордан күйіп қалды

Шымкентте өз үйінің жанында ойнап жүрген бір 4 жасар бала фосфордан күйіп қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық балалар ауруханасының күйік бөлімінің бас дәрігері Олег Мун хабарлады.

  • 20 Сәуiр 2004
  • 392
Фото - Caravan.kz

Ауруханаға түскен баланың саны 2-3-дәрежелі химиялық күйікке шалдығыпты. Ата-анасының айтуынша, үйдің жанында ойнап жүрген баланың шалбары кенеттен жана бастаған. Ауруханадағылардың айтуынша, бала денесінің 10 проценті қатты химиялық күйікке шалдыққан. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Балаға тері ауыстыру операциясы жасалуы тиіс.

Қазір санитарлық дәрігерлер мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлерінен комиссия құрылды. Ол құрамында фосфоры бар материалдардың тұрғын үй секторына қалай келгенін анықтауы тиіс.