Жарияланды: 410

Шымкентте 40 жастағы азамат есірткінің аса ірі көлемімен ұсталды

Шымкент стансасында есірткінің аса ірі көлемімен 40 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаментінен мәлім етті.

«Өткен демалыста Шымкент стансасындағы көліктегі полиция қызметкерлері «Мак-2011» шұғыл-іздестіру шараларын жүргізу барысында «Келли» атты қызметтік-іздестіру иттің көмегімен Шымкент қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Азаматта салмағы 1,1104 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат табылды. Сот-химиялық сараптама заттың «героин» екендігін растады», - делінген таратылған хабарламада. Көліктегі ІІД-тен анықтағандай, ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалып, тексерулер жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін