Шымкентте 5 жасар бала ауруханада өлді: полиция өгей әкесін ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 5 жасар бала ауруханада өлді: полиция өгей әкесін ұстады

Шымкентте 5 жасар бала ауруханада өлді: полиция өгей әкесін ұстады

5 жасар бала дене жарақатынан аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

  • 11 Желтоқсан 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Шымкентте Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде 5 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды  өңірдегі тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Сәденованың айтуынша, оқиға желтоқсанның 5-і күні кешке болған. Полиция департаментінің кезекші бөліміне облыстық аурухананың жансақтау бөліміне 5 жасар баланың ауыр хәлде түскені хабарланған.

Алғашында баланың әке-шешесі оның екі қабатты кереуеттен құлап түскенін айтқан. Десе де, сот-медициналық сараптаманың алдын-ала қорытындысы бойынша сәбидің дене жарақатынан қайтыс болғаны анықталды. 

"Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан") бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", — деді Сәденова.


Полицияның хабарлауынша, баланың өліміне күдікті ретінде өгей әкесі ұсталып отыр.