Шымкентте "7-20-25" бағдарламасы бойынша үй бағасы 25 миллионға дейін өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "7-20-25" бағдарламасы бойынша үй бағасы 25 миллионға дейін өсті

Шымкентте "7-20-25" бағдарламасы бойынша үй бағасы 25 миллионға дейін өсті

Оның себебі – 19 маусымда Шымкент қаласының республикалық статус алуы.

  • 10 Қыркүйек 2018
  • 124
Фото - Caravan.kz

Шымкентте "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үй бағасы 25 миллионға дейін көтерілді. Бұл туралы "Баспана" ипотекалық бағдарламасы хабарлады, деп жазады Today.kz.

"Ұлттық банк қабылдаған жарғыға сәйкес, Шымкент қаласы үшін "7-20-25" бағдарламасы бойынша алынатын тұрғын үй бағасы 25 миллионға дейін көбейді. Бұрын 15 миллион теңге еді", – делінген хабарламада. 

Оның себебі – 19 маусымда Шымкент қаласының республикалық статус алуы. 

"Бұл Шымкент тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Қалада тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамып келеді. Бүгінде Шымкентте 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Лимиттің ұлғаюы қала тұрғындарына тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді", – деді "Баспана" ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 миллион теңге тұратын үйді "7-20-25" бағдарламасы бойынша Астана, Алматы, Ақтау, Атырау тұрғындары да ала алады. 


Басқа өңірлерде аталған бағдарлама бойынша 15 миллион теңгеден қымбат үй алу қарастырылмаған. 

Соңғы жаңалықтар