Шымкентте 9 жасар бала канализацияға құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 9 жасар бала канализацияға құлап кетті

Шымкентте 9 жасар бала канализацияға құлап кетті

Оның аяғы сол жерге тіреліп қалған.

  • 11 Мамыр
  • 14
Фото: azattyq-ruhy.kz

Шымкентте тоғыз жасар бала футбол ойнап жүріп нөсер канализациясына түсіп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ол доп ойнап жүріп, абайсызда су өткізгіш құбырға түсіп кетіп, аяғы сол жерге тіреліп қалған.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары баланың аяғын суырып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», — делінген хабарламада.