Кеше Шымкент қаласында белгісіз көлік диаметрі 150 мм-лік жоғары қысымды газ құбырын қағып, зақымдаған. Оқиға салдарынан Ворошиловка мен Чапаевка ауылдарының 995 абоненті, №53 орта мектеп, «Жас балғын» балабақшасы және 2 дәмхана көгілдір отынсыз қалған. Дегенмен, оқиға орнына жеткен «ҚазТрансгазАймақ» АҚ-ның 13 маманы мен 3 техникасы зақымданған құбырды қалпына келтіріп, кеше кешкісін тұрғындарға газ берілді.