Шымкентте абайсызда адам өлтіріп алған бұрынғы полиция майорына үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы жүктелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте абайсызда адам өлтіріп алған бұрынғы полиция майорына үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы жүктелді

Шымкентте абайсызда адам өлтіріп алған бұрынғы полиция майорына үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы жүктелді

Шымкент қалалық соты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 22 жастағы түлегін соққыға жығып өлтірген бұрынғы полиция қызметкеріне үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы жүктеуге үкім шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сот хатшылығынан хабарлады.

  • 13 Мамыр 2004
  • 661
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, былтырғы жаз айының басында Мақсатбек Ибрагимов «Женя» атты кафеде достарымен бірге жоғары оқу орнын бітіру оқиғасын атап өтуге жиналады. Дәл сол сәтте жай киім киген полиция қызметкерлері де кафедегі көрші үстел басында отырған. Жастардың әсіре айқай-шуға басуы полиция қызметкерлеріне ұнамай, араларында дау-дамай шығады.

Тәртіп сақшыларының бірі, полициясының 3-бөлімінің аға уәкілетті өкілі Рүстем Сатыбалдиев Мақсатбекті кафе ауласына шығарып алып, куәгерлердің көзінше соққыға жыға бастаған. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Қайтыс болған жігіт әкесінің айтуынша, ол істі сотқа жеткізу үшін 9 ай тырбанған. Алайда, айыпкердің адвокаттары жігіт соққыдан емес, «мидағы қайтарымсыз өзгерістер салдарынан» мерт болды дегенді дәлелдеп шыққан.
Нәтижесінде, сот бұған дейін айыпкерге жүктелген «Денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру салдарынан абайсызда адам өлтіріп алу » жөніндегі 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚР Қылмыстық Кодексінің 103-бабы, 3-тармағын ҚР Қылмыстық Кодексінің «Абайсызда өлімге душар ету» жөніндегі 101-бабына ауыстырған. Бұл бап бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру немесе осы мерзімге бас еркіндігін шектеу жазасы тағайындалады.

Соңғы жаңалықтар