Шымкентте адамдарды тонаумен айналысқан жалған полицей ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте адамдарды тонаумен айналысқан жалған полицей ұсталды

Шымкентте адамдарды тонаумен айналысқан жалған полицей ұсталды

Шымкентте кем дегенде үш адамды тонаған жалған полицей ұсталды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.

  • 14 Маусым 2011
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Шымкент ІІБ Абай полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын келіп, 25-30 жастағы ер адам өзін полициямын деп таныстырып, олардың ақшалары мен ұялы телефондарын тартып алғанын айтып шағымданған», — деп мәлім етті ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Сондай-ақ, ол полиция оперативті-іздестіру шараларын жүргізу барысында 27 жастағы ер адамның ізіне түскен. Тергеу барысында оның үш тонаушылыққа қатыстылығы дәлелденді.

«Ол негізінен 24-30 жастағы адамдарды тонаған. Күдікті бір әдісті пайдаланған: өзін ішкі істер органдарының қызметкері деп таныстырып, құнды заттарын тартып алып отырған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Азаматтан заттай айғақтардың біразы тәркіленді. Тергеушілер оның әрекеттерінен зардап шеккендердің саны көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. «Тонаушылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар