Шымкентте әйел адамды басып кеткен жолаушылар автобусының жүргізушісі тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте әйел адамды басып кеткен жолаушылар автобусының жүргізушісі тұтқындалды

Шымкентте әйел адамды басып кеткен жолаушылар автобусының жүргізушісі тұтқындалды

Әйел  адамды басып кеткен жолаушылар автобусының жүргізушісі уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

  • 27 Қазан 2015
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, оқиға 15.20-да Тәуке хан мен Диваев көшелерінің қиылысында болған. «Грин бас» компаниясының №78 автобусының жүргізушісі 35 жастағы әйелді жүргіншілер өтпежолында басып кеткен. Әйел адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның екі баласы жетім қалды.

28 жастағы жүргізуші жолаушылар көлігінде 2012 жылдан бері жұмыс істеп жүрген. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимовтың атап өткеніндей, қаза болған әйелдің отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Ал «Грин бас» көлік компаниясының жұмысы енді әкімдіктің қатаң бақылауында болады. 


Соңғы жаңалықтар