Шымкентте әйелін пышақтап, артынан өзін бауыздаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте әйелін пышақтап, артынан өзін бауыздаған

Шымкентте әйелін пышақтап, артынан өзін бауыздаған

Сұмдық жайт!

  • 25 Желтоқсан 2019
  • 36
Фото - Caravan.kz

Шымкентте отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін бірнеше рет пышақтап, артынан өз-өзін бауыздап жіберген. Ерлі-зайыптылардың көршілері осылай деп отыр. Қансыраған келіншек пәтерден шығуға талпынып, жұртты көмекке шақырған. Оқиға орнынан түсірілген видеодан, терезедегі қан іздерін анық көруге болады. Жантүршігерлік көріністі көзі шалған көршілері әлі өз-өздеріне келе алар емес. Қанды драмамен аяқталған отбасылық дау неден басталды? Ерлі-зайыптылардың туыстары не айтты?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мына кадрлар Голливудтың триллер жанрындағы фильмінен алынған дерсіз?! Бірақ, бұл киноның үзіндісі емес. Бұл Шымкенттегі Нұрсәт ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар. Отбасының көршілерінің сөзінше, кезекті жанжал кезінде ашуына ерік берген ер адам әйелін бірнеше рет пышақтап, артынан суицид жасамақ болып дәл сол пышақпен өз тамағын орып жіберіпті. Келіншектің жанұшыра айқайлаған дауысы да сыртқа анық естіліпті. Нәзік жанның терезеден қашып шықпақ болғанын мына қан іздеріне толы терезе жақтауларынан байқауға болады.

Отбасының көршісі:

"Когда я зашла с соседкой, сылашала побежала. Он лежит везде кровь. — Он сам да? — Да лежит. 6-7 милиции были. Кровь лежит. Жена в скорой была. Я это увидела".

Бірақ, отағасының туыстары, бұл сұмдық жайтқа қатысты мүлдем басқа мәлімет келтіріп отыр. Олардың айтуынша, оқиға кезінде үйде тағы біреу болған және ерлі-зайыптыға сол адам қастандық жасаған болуы мүмкін. Өйткені, баспанада бірнеше адамға дастархан жайылғаны, ал ер адамның үстінде екі-үш жерден жарақаты бары анықталды.

Бақыт Әбжаппаров, күдіктінің ағасы:

"Ол өзіне өзі қол жұмсауы мүмкін. Ол өзіне қол жұмсады дегенге сенбейміз. Мен мына врачтардан жағдайын сұрадым. Үш жерден қырқылған деді. Адам мойнын үш жерден қырқиды деген болмайды. Пышақ сүйегіне дейін өткен дейді. Біз біреудің қолы бар деп ойлаймыз".

Ал 48 жастағы отағасының қарындасы Әсия болса, отбасында жанжал жиі болатынын жасырмады. Тіпті, ағасы бауырына бірнеше рет хабарласып, әйелінің ұрыс шығарып,  үйді басына көтергенін айтқан. Бұл жағдайға жеңгесін кінәлаған Әсия, ағасына шаң жуытпай әлек. Бірақ, ашу үстінде не болғанын тап басып айта алмаймын дейді.

Әлия Әбжаппарова, күдіктінің қарындасы:

"Менің ағама тыныштық бермейді. "Ақша таппайсың, арамтамақсың" деп отыр. Маған ағам жылап, 20-сы звондап айтты: "Әлия, маған осылай істеп жатыр", деп. -Әйелін пышақтап дегенге сенесіз бе?  — Мен сенем соған. Ашу үстінде сол нәрсесі болған шығар. Оған мен кепілдік бере алмаймын".



Абырой болғанда, ерлі-зайыптылар шұғыл ауруханаға жеткізілген. Екеуі де көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер олардың өмірі үшін арпалысып жатырмыз, дейді.

Тайбек Садықов, қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігері:

"Қазіргі таңда азаматтың жағдайы бірқалыпты. Керекті ем-домын алуда. Есін біледі. Сұраққа жауап береді. Екінші азаматша хирургия бөлімінде. Емін алуда. Өздігінен жүріп, тұра алады".

Ерлі-зайыптылардың екі қызы бар. Ал отағасы жұмыссыз көрінеді. Күдіктіге қатысты қазір екі бап бойынша іс қозғалып отыр. Осы дерек бойынша Шымкент қалалық полиция департаментіне хабарласқан едік. Мынадай жауап алдық.

Әсел Сәденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:

«Ағымдағы жылдың 23- желтоқсанында, ерлі-зайыптылардың арасында отбасылық, тұрмыстық жанжал туындайды. Сол жанжалдың барысында, жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзі- өзіне қол жұмсамақ болған. Соның салдарынан, екеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды».

Өз жарына жауыздық жасаған ер адамға нақты қандай жаза тағайындалатыны әзір белгісіз. Бастысы — ерлі-зайыптылардың амандығы, дейді туыстары. Одан кейін не болатынын сот шешеді. Ал біз оқиғаны назарда ұстап, алда тың ақпараттармен бөлісетін боламыз.

Соңғы жаңалықтар