Шымкентте әкесі өз баласын өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте әкесі өз баласын өлтірді

Шымкентте әкесі өз баласын өлтірді

Шымкентте әкесін үнемі ұрып-соққан ұлы оның қолынан қаза болды.

  • 16 Мамыр 2014
  • 568
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық оқиға жеке сектордағы үйде болды, деп хабарлады кезекші бөлімнен. Оқиға орнына жеткен полицейлер бірнеше рет пышақ сұғылған жігітті көрген. Кісі өлтірді деген күдікпен 74 жастағы ер адам ұсталды. Ол — қаза болған жігіттің әкесі. «Ол мені ұрып-соғатын, екі қабырғамды сындырды. Жаңа тағы ішіп алып, мені ұра бастады. Мен шыдай алмадым да, қолыма түскенін алдым», — деді ұсталған адам тергеу барысында.

Белгілі болғандай, ол қолына түскен пышақты өз баласына сұғып алған. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.