Шымкентте "Әл -Кәрім" Ислам университетінің қызметі тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "Әл -Кәрім" Ислам университетінің қызметі тоқтатылды

Шымкентте "Әл -Кәрім" Ислам университетінің қызметі тоқтатылды

ШЫМКЕНТ. 10 қазан. Kazakhstan Today. Шымкентте "Әл -Кәрім" Ислам университетінің қызметі тоқтатылды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шымкент қалалық Абай прокуратурасы прокурорының орынбасары Еркінбек Қозыбеков хабарлады.

  • 10 Қазан 2006
  • 655
Фото - Caravan.kz

«Прокуратуралық тексеру барысында, «Парыз» ислам орталығына қарасты «Әл-Кәрім» Ислам университетінің білім беру лицензиясының жоқтығы анықталды» ,-дейді Е.Қозыбеков. Тексеру материалдары, университет қызметін лицензия алғанға дейін тоқтату мақсатында, арнаулы ауданаралық экономикалық сотқа жөнелтілді. Сот прокуратураның шағымын қанағаттандырды.

Оған қоса, тексеру барысында анықталғандай осыған дейін ислам институтының түлектеріне «мемлекеттік емес үлгідегі диплом берілген, олар жарамсыз»,-дейді Е.Қозыбеков. Сот экономикалық сараптама жүргізілгеннен кейін университет директорының үстінен лицензиясыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік іс қозғалды .

Сот оған 30 900 теңге көлемінде айыппұл салып, мемлекеттік бюджетке 567 мың теңге көлемінде заңсыз түскен табысын қайтаруды жүктеді.

Прокурордың орынбасары, жоғары діни оқу орнының 1999 жылы медреседен бастау алып, одан институт болып құрылып, өткен жылы соның негізінде университет болып қайта құрылғанын атап өтті. Жоғары оқу орны құқықтану және шариғат, ислам және араб мәдениеті, Қазақстан тарихы және ислам мәдениеті мамандықтары бойынша кадр даярлайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта